Ата-аналар қауымдастығына арналған Ашық есік күні
18 қарашада Музыка мектебінде ата-аналар қауымдастығы үшін Ашық есік күні өткізілді.
Мектептің әкімшілігімен кездесу ұйымдастырылды, балаларды оқыту барысы бойынша ақпарат беріліп, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Іс-шараға келгендер үшін мектеп бойынша экскурсия өткізілді, оқушылардың сабақтарына кіруге мүмкіндік берілді.