13 желтоқсанда Андрей Васильевич Заика – еліміздің музыкалық біліміне 60 жылдан астам өмірін арнаған адам 80 жасқа толар еді. Ол 47 жыл бойы Қостанай қ. балалар музыка мектебінің директоры болды, 20 жылдан астам уақыт Қазақстанның музыка мектептерінің директорлар кеңесін басқарды, көптеген атақтар мен марапаттарға ие болды.
Осы бір тамаша адамды еске алу үшін БММ оқытушылары арнайы концерт берді. жүрекжарды сөздер мен поэтикалық жолдар музыкалық сұлу саздармен және Андрей Васильевичтің сұхбатынан келтірілген бейнеүзінділермен толықтырылды.
Әріптеске деген құрметттің шынайылығы мен шығармаларды орындаудың мәнерлілігі көрермендерге қатты әсер етті, музыка мен шығармашылықтың бір арнадан шығуы барша жұрт білетін адамға көрсетілген құрмет секілді сезілді.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2078-a-v-zaikany-eske-alu-kontserti.html#sigFreeIdfc1e7e1a64