Музыка мектебі биыл да дәстүрге айналған «KOSTANAY MUSIK GAMES» және «KOSTANAY MUSIK START» республикалық байқауларын өткізуді бастап кетті.
Биыл 200-ден астам бала шығармашылық сайыста өз күштерін сынап көрмек болды, сондықтан байқауға қатысушыларды тыңдау таңертеңнен кешке дейін музыка мектебінің екі ғимаратындағы үш концерт залында бір уақытта өтті. Қатысушылардың жас мөлшері де айтарлықтай ауқымды: 6 жастан 18 жасқа дейін.
Делегациялар жергілікті жағдайға бейімделу және залдарда жаттығу жасау үшін бір күн бұрын келе бастады. Қостанай облысының барлық өңірлерінен басқа байқауға Астана, Есіл, Көкшетау қалаларынан балалар келді. Алғаш рет жеке музыкалық мектептер мен студиялардың тәрбиеленушілері байқауда өз күштерін сынап көрді. Алайда ең көп қатысушылар Қостанай музыка мектебінің командасы болды.
Акустикалық жаттығулардан кейін сайыскерлерді тыңдаулар басталды. Құрамында Астана, Қостанай, Рудный қалаларынан келген атақты педагогтар мен музыканттар бар қазылар алқасы қатысушыларды мұқият тыңдады. Байқаудың бағдарламасына классикалық және заманауи музыка, қазақстандық композиторлардың шығармалары енгізілді.
Сахнада жеке орындаушылар мен ансамбльдер бір-бірін алмастырып жатты.
Өз балаларын, құрбыларын қолдауға келген ата-аналар, мұғалімдер, балалар өз жақындарына жанашырлық танытып, оларға барынша қолдау көрсетуге тырысты, олардың өнер көрсетуін дыбыс шығармай, тып-тыныш отырып тыңдайды.
Байқаудың ақырғы нәтижелері қазылар алқасы байқауға сырттай қатысушыларды тыңдаған кезде белгілі болады, бірақ қазірдің өзінде Қостанай музыка мектебінің оқушылары жоғары деңгейде өнер көрсетті дей беруге болады!
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2080-muzyka-mektebinde-zhas-muzykanttardy-respublikaly-baj-ay-tude.html#sigFreeIdea05043724