Саналы өмірінде тынымсыз еңбек еткен және қоғамдық істерге белсенді қатысқан, сондай-ақ шығармашылықпен айналысқан және өз қабілеті мен талантын игі істерге жұмсаған көптеген адамдар бар. М.А. Шалабаев – педагогика мен балаларға арнаған мінсіз қызметі өшпес адамгершілік іс болып табылатын азаматтардың бірі. Ы. Алтынсарин атындағы мұражайда М. А. Шалабаевқа арналған «Ғибратты ғұмыр иесі» атты салтанатты іс-шара өтті. Флейташылар ансамблінің (жетекшісі Е. Н. Конев, концертмейстер А. Абдоллаева) іс-шараға қатысушыларға арналған музыкалық тартуы мазмұнды бағдарламаны көркемдік тұрғысынан толықтыра түсті.