ҚР-да педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің ең
өзекті аспектілерінің бірі курстардан өткен тыңдаушыларды курстан кейінгі сүйемелдеу
болып табылады.
Курстан кейінгі сүйемелдеу, тәжірибені жинақтау және тарату шеңберінде БММ
педагогтары ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
өткізетін республикалық вебинарларға белсенді қатысады. 2024 жылғы қаңтарда осындай
екі іс-шараға виолончель сыныбы бойынша оқытушы Айдосова Гүлмайрам Толыбайқызы,
скрипка сыныбы бойынша оқытушы Ким Татьяна Дмитриевна, домбыра сыныбы
бойынша оқытушы Тоқмағамбетова Алмагүл Мұратқызы қатысты.
Үлкен жұмыс өтілі және жоғары санаттары бар, жоғары жеке кәсіби жетістіктері мен
түрлі деңгейдегі орындаушылық байқаулардың лауреаттары болған көптеген оқушылары
бар үздік оқытушылар шеберліктің сырымен бөлісіп, әдістемелік жұмыстағы
жаңалықтарын ортаға салды. Бұл іс-шараларды қашықтан өткізу бүкіл ел мұғалімдерінің
ең сирек мамандықтар бойынша оқытудың өзекті мәселелерін ортаға салуға, оңтайлы
шешімдерді іздеуге және тиісінше оқу үдерісінің тиімділігін талқылауға тамаша
мүмкіндік береді.
View the embedded image gallery online at:
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2086-respublikaly-vebinarlar.html#sigFreeId53830b7b47
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2086-respublikaly-vebinarlar.html#sigFreeId53830b7b47