28 ақпан күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 1 балалар музыка мектебі» КМҚК қабырғасында балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептері жас музыканттарының – ішекті-ыспалы, үрмелі және соқпалы аспаптарда орындаушылардың 58-ші облыстық фестиваль-байқауы өтті.

Байқауға Қостанай қ., Рудный қ., Сарыкөл, Қарабалық аудандарының балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің 55 оқушысы: 3 музыкалық ұжым және үш жас тобы бойынша ішекті-ыспалы, үрмелі және соқпалы аспаптардың 32 жеке орындаушысы қатысты.

Жүлделі орындар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 1 балалар музыка мектебі» КМҚК 7 бірінші, 6 екінші және 2 үшінші орындар келесі оқушылары арасында бөлінді:

Кіші жастағылар тобындағы ішекті-ыспалы аспаптар номинациясы:

1 орын – Мензарипова Самира (виолончель)

2 орын – Байболова Айлин (скрипка) және Бот Елизавета (скрипка)

3 орын – Байкадамова Альбина (скрипка)

 Үрмелі және соқпалы аспаптар номинациясы:

1 орын – Толеген Аяулым

 Орта жастағылар тобындағы ішекті-ыспалы аспаптар номинациясы:

1 орын – Бекешева Самира (виолончель) және Карапетян Нелли (скрипка)

 Үрмелі және соқпалы аспаптар номинациясы:

1 орын – Султангалиев Султан (флейта)

2 орын – Жунусова Милана (флейта)

 Ересек жастағылар тобындағы ішекті-ыспалы аспаптар номинациясы:

1 орын – Дейнега Евангелина (скрипка)

2 орын – Ахметжанова Аружан (скрипка)

 Үрмелі және соқпалы аспаптар номинациясы:

2 орын – Ахметжанов Султан (саксофон)

Музыкалық ұжымдар:

1 орын – «Violin DoStar» скрипкашылар ансамблі

2 орын – Флейташылар ансамблі

3 орын – Саксофоншылар ансамблі

 Республикалық байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жіберіледі.

Балаларды жеңістерімен, ал олардың музыкалық жетекшілерін табыстарымен құттықтаймыз!!!