«Өмір ағымы» хабарындағы Аналар күні


Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу үшін, аналарға отбасына деген махаббаты мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елінде атап өтіледі. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Австралия бар. 2024 жылы бұл мереке Қазақстанда алғаш рет атап өтіледі және ол 12 мамырға келеді.
Осы мереке құрметіне «Алау» ТРК «Өмір ағымы» бағдарламасының тікелей эфирін өткізді және оның қонағы ретінде Қазақ халық аспаптары бөлімінің 9-шы сынып оқушысы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Айым Молдағалиева мен оның анасы Әбенова Шынар Сапарқызы шақырылды.
Тікелей эфирде отбасындағы дарынды баланы тәрбиелеу мен дамытудың құпиялары, отбасындағы ананың рөлі мен Молдағалиевтердің музыкалық әулеті туралы әңгіме болды.