Бөлім меңгерушісі Т. В. Егорова концерттің негізіне салыстыруды: бірінші сынып оқушылары мен түлектердің өнер көрсетуін алды, бұл арқылы ол балалардың мектепті неден бастайтынын және қай деңгейде аяқтайтынын көрсетуді мақсат етті. Көрермендердің қошеметіне сүйенсек, айырмашылық оларды таң қалдырды. Олардың орындаушылығы да тәнті етті. Гитара, домра, баян, аккордеон залды түрлі сипаттағы, стильдегі және жанрдағы музыкамен толтырды. Ал балалар нағыз әртістер сияқты шын жүректен және мәнерлі ойнауға тырысты.
Концерттің негізгі кезеңі дыбысталу деңгейі бойынша ересек ұжымдардан кем түспейтін Орыс халық аспаптары оркестрінің (жетекшісі Вильянова Н. С.) өнер көрсетуі болды.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2155-orys-khaly-aspaptary-b-limini-kontserti.html#sigFreeId9787e14d41