Оркестр аспаптары бөлімінің концерті
Аспаптары ең көп және тембрі жағынан алуан түрлі бөлім үлкен концерт дайындады, онда барлық аспаптар: скрипка, виолончель, флейта, гобой, саксофон, соқпалы аспаптар жеке-жеке нөмірлер орындады. Әртүрлі стильдер мен жанрлардың туындылары бір-бірін үйлесімді түрде алмастырды: керемет орындалған классика, джаз, өңделген халық әндері және заманауи композициялар тыңдаушының жүрегіне жетіп жатты.
Концерттің шарықтау шегі шығармашылық ұжымдардың: орта сыныптардың Скрипкашылар ансамбльдерінің (жетекшісі И. С. Стаканова), «Violin DoStar» скрипкашылар ансамблінің (жетекшісі Е. Тулупова), Флейташылар ансамблінің (жетекшісі Е. Конев), Саксофоншылар ансамблінің (жетекшісі П. Латышев) және Соқпалы аспаптар ансамблінің (жетекшісі С. Ким) өнер көрсетуі болды.