БММ және облыстық филармония ұжымдарының бірлескен концерті форматындағы салтанатты «аккордпен» музыка мектебінің оқушылары оқу жылының шығармашылық қорытындысын шығарды.
Концерттік бағдарлама көлемді және алуан түрлі болды. Филармонияның үш оркестрінің сүйемелдеуімен мектептің үздік жеке орындаушылары мен ұжымдары сахнада жарқырай көрінді.
Сахнадағы музыка балалар өнерінің шынайылығымен және пәктігімен баурап алды, ал орындау деңгейі бойынша филармония әртістерінің шеберлігінен еш кем түспеді.
Дыбыс операторларының тамаша жұмысы, үлкен сахна, LED-экрандардың бейнебезендірілуі аясындағы шығармалар өте үйлесімді естілді және көптеген тыңдаушылардың дуылдата соғылған шапалағы мен «керемет» деген қолдауларына ие болды.