2023-2024 жыл музыка мектебінің оқушылары үшін қуанышты жаңалықпен аяқталды.
Оқу жылы аяқталар сәтте балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының – жас музыканттардың 58-ші республикалық фестиваль-байқауының қорытындысы шығарылды.
Биылғы жылы байқауға 660 оқушы – балалар өнер мектептері мен балалар музыка мектептерінің оркестр бөлімдерінің жеке орындаушылары мен ансамбльдері, ішекті-ыспалы, үрмелі және соқпалы аспаптарда орындаушылары қатысты.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 1 балалар музыка мектебі» КМҚК оқушылары табысты өнер көрсетіп, Қостанай облысын республикалық деңгейде лайықты көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша қостанайлықтардың еншісіне 2 Гран-при, 3 бірінші, 3 үшінші орын бұйырды.
Байқау лауреаттары атанғандар:
Кіші жастағылар тобындағы ішекті-ыспалы аспаптар номинациясы:
III орын – Бот Елизавета (скрипка). Оқытушы И.С. Стаканованың сыныбы, концертмейстері Прохорова В.П.
Үрмелі және соқпалы аспаптар номинациясы:
I орын – Толеген Аяулым (флейта). Оқытушы С.В. Семенованың сыныбы, концертмейстері Прохорова В.П.
Орта жастағылар тобындағы ішекті-ыспалы аспаптар номинациясы:
Гран-при – Бекешева Самира (виолончель). Оқытушы Г.Т. Айдосованың сыныбы, концертмейстері Абдоллаева А.Т.
Үрмелі және соқпалы аспаптар номинациясы:
Гран-при – Султангалиев Султан (флейта). Оқытушы Е.Н. Коневтің сыныбы, концертмейстері Абдоллаева А.Т.
Ересек жастағылар тобындағы ішекті-ыспалы аспаптар номинациясы:
I орын – Дейнега Евангелина (скрипка). Оқытушы Т.Д. Кимнің сыныбы, концертмейстері Смаглюк Е.Ю.
Үрмелі және соқпалы аспаптар номинациясы:
III орын – Ахметжанов Султан (саксофон). Оқытушы П.В. Латышевтің сыныбы, концертмейстері Поддудник Е.Н.
Музыкалық ұжымдар:
I орын – Саксофоншылар ансамблі, жетекшісі Латышев П.В., концертмейстері Поддудник Е.Н.
III орын – «Violin DoStar» скрипкашылар ансамблі, жетекшісі Тулупова Е.П., концертмейстері Орлова И.А.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2161-58-shi-respublikaly-baj-audy-orytyndysy.html#sigFreeId1af10ac2f2