2024 жылдың 14.06. онлайн нысанда Қостанай БММ Орыс халық аспаптары бөлімінің оқытушысы Т.В. Егорованың Қостанай облысының түрлі аудандарындағы (Сарыкөл, Қарабалық аудандары, Қостанай және Жітіқара қалалары) музыка мектептеріндегі әріптестеріне педагогикалық тәжірибесі таныстырылды.
«Образовательная программа по предмету «Домра» для детских музыкальных школ и музыкальных отделений школ» республикалық оқу бағдарламасының авторы болып табылатын Татьяна Владимировна (2016 жылы ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған) осы бағдарламаны Қостанай қ. музыка мектебінің практикасына енгізу нәтижелерімен бөлісті. Практикалық тәжірибені тарату шеңберінде оқытушы Н.С. Вильяновамен бірлесіп дайындалған «Сборник переложений казахских народных песен, кюев и произведений казахских композиторов для русских народных инструментов и гитары» атты Балалар музыка мектептері мен Өнер мектептерінің музыка бөлімдеріне арналған жаңа оқу құралы таныстырылды.
Сынып оқушыларының жоғары нәтижелілігіне ие, балалармен жұмыстың барлық қыр-сырын және кәсіптің ерекшеліктерін білетін мұғалімнің көп жылдық тәжірибесі Татьяна Владимировнаға тыңдаушыларға әдістемелік әзірлемелер туралы тартымды айтып беріп, әріптестерін репертуарды кеңейтуге және жас домрашылармен тиімді жұмыс істеуге ынталандыруға мүмкіндік берді. Тыңдаушылар тәжірибелі ұстазға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2170-t-zhiribeni-taratu-2.html#sigFreeId0a81cbd340