Балалар музыка мектебінде тағы да мереке. Республикалық оқу-әдістемелік орталығы Жас музыканттардың 58-ші республикалық байқауының лауреаттарына жүлделерін жіберді.
Мектеп директоры Г. Б. Кучикова екпінді еңбегі, таланты мен мақсатқа ұмтылысы үшін ризашылығын білдіре отырып сыйлықтарды табыс етті.
Байқауға 660 оқушы – балалар өнер мектептері мен балалар музыка мектептерінің оркестр бөлімдерінің жеке орындаушылары мен ансамбльдері, ішекті-ыспалы, үрмелі және соқпалы аспаптарда орындаушылары қатысқанын естеріңізге
сала кеткіміз келеді. Байқау қорытындысы бойынша қостанайлықтардың еншісіне 2 Гран-при, 3 бірінші, 3 үшінші орын бұйырды. Бұл республика бойынша ең үздік нәтиже!
III дәрежелі лауреаттар және 16 ВТ музыкалық бумбокс иесі атанғандар:
- Бот Елизавета (скрипка). Оқытушы И.С. Стаканованың сыныбы, концертмейстеріПрохорова В.П.
- Ахметжанов Султан (саксофон). Оқытушы П.В. Латышевтің сыныбы, концертмейстеріПоддудник Е.Н.
Музыкалық бумбокс (18 Вт) сыйлығын III орын үшін «Violin DoStar»скрипкашылар ансамблі иеленді, жетекшісі Тулупова Е.П., концертмейстері Орлова И.А.
I дәрежелі лауреаттар және механикалық метроном иесі атанғандар:
- Толеген Аяулым (флейта). Оқытушы С.В. Семенованың сыныбы, концертмейстері Прохорова В.П.
- Дейнега Евангелина (скрипка). Оқытушы Т.Д. Кимнің сыныбы, концертмейстеріСмаглюк Е.Ю.
30 Вт музыкалық бумбоксты I орын үшін Саксофоншылар ансамблі иеленді, жетекшісі Латышев П.В., концертмейстері Поддудник Е.Н.
Бас жүлде – 32GB планшетін Гран-при иегерлері жеңіп алды:
- Бекешева Самира (виолончель). Оқытушы Г.Т. Айдосованың сыныбы, концертмейстері Абдоллаева А.Т.
- Султангалиев Султан (флейта). Оқытушы Е.Н. Коневтің сыныбы, концертмейстері Абдоллаева А.Т.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2172-marapattar-ielerin-tapty.html#sigFreeIddd6b52de5e