Музыка мектебінің оқушылары жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне арналған концерт өткізді. Балаларға көптеген музыкалық аспаптарда орындалған әртүрлі бағдарлама ұсынылды, қызықты викториналар өткізілді, мазмұнды ақпарат берілді. Кішкентай тыңдаушылар жас әртістерге қошемет көрсетіп, концерттен керемет әсер алды.