5 шілдеде Қостанай қ. Достық үйі Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра party» атты қалалық іс-шара ұйымдастырды. Ұлттық күй тартыс дәстүрі форматында қатысушылар олимпиадалық жүйе бойынша жұп-жұбымен бақ сынасты. Ол үшін қатысқысы келетіндердің барлығы жеребе бойынша жұпқа бөлінді. Әрі қарай 1/6 финал өтті, қазылар алқасы әр жұптан үздігін таңдайды, жеңіске жеткені 1/4 финалға, содан кейін жартылай финалға және финалға шығады.
Музыка мектебінен іс-шараға оқушылар Қанапин Дархан, Қабжалел Жанәлі, Бақытбек Жанасыл, Мұхамбет Мариям, Марат Санжар қатысты. Олар БММ намысын абыроймен қорғап, қатысушыларды өз шеберліктерімен қуантты және ұйымдастырушылардың сыйлықтарын алды.
Іс-шара нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді: Мұхамбет Мариям - 3 орын және бағалы сыйлық, Қабжалел Жанәлі - 2 орын және бағалы сыйлық, Қанапин Дархан- 1 орын және бас жүлде - домбыра.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2192-dombyra-party.html#sigFreeId6fe30ec623