2024 жылдың 14.06. Қостанай БММ Фортепиано бөлімінің оқытушылары Марина Георгиевна Романова, Ольга Георгиевна Судакова және Инна Валерьевна Красноцветова Қостанай облысының түрлі өңіріндегі (Қарабалық к., Қостанай және Жітіқара қалалары) музыка мектептеріндегі әріптестерімен онлайн нысанда педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
БММ және БӨМ дайындық тобының оқушыларына арналған «До, ми, солька» оқу құралының авторлары болып табылатын педагогтар аталған оқу құралын Қостанай қ. музыка мектебінің практикасына енгізу нәтижелерімен бөлісті.
Сыныптағы оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген мұғалімдердің көп жылдық тәжірибесі, балалармен жұмыстың барлық қыр-сырын және кәсіптің ерекшеліктерін жан-жақты меңгерген Марина Георгиевна, Ольга Георгиевна және Инна Валерьевнаның мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың қыр-сыры жайындағы әңгімелері, осы саладағы практикалық әзірлемелері тыңдаушылар үшін қызықты әрі пайдалы болды.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2203-pedagogikaly-t-zhiribelerimen-b-listi.html#sigFreeId95f1fb0531