Оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталып келеді. Әдеттегідей, қалыптасқан ережелерге сәйкес тоқсан соңында оқушылар техникалық сынақтар, алғашқы үйренген шығармаларын тапсырады. 19 қазанда музыка мектебінің екінші корпусының фортепиано бөлімінде 2-сынып оқушылары үшін этюдтер фестивалі және 3-сынып оқушылары арасында міндетті этюдті үздік орындаушылар байқауы өтті. Орындау үшін И. Я. Берковичтің этюдтері таңдалды.

Жеребе тарту, бағдарлама бәрі нағыз байқаудағыдай болды.

Сахнада оқушылар толқып тұрса, залда мұғалімдер мен балаларын қолдауға келген ата-аналардан маза кетті. Қатысушыларды тыңдағаннан кейін құрамына бөлім педагогтары С.Д. Ардабьева, Е. Г. Лопатина, Н. Г. Плюшко және оқу ісінің меңгерушісі А. К. Дюсенова кірген қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығару үшін басқа бөлмеге кетті. Бұл кезде бағдарлама жүргізушісі Л. А. Тытюкова оқушылардың суреттеуімен көрермендер арасында қызықты музыкалық викторина өткізді. Сауалдарды шешуге ата-аналар белсенді қатысты.

Өнер көрсету нәтижелеріжарияланғаннанкейіноқушыларменмұғалімдерестелікүшін суретке түсті.