«Ақындар айтысы 2025» ұлттық жобасы аясында ҚОӘББ «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 1 балалар музыка мектебі» КМҚК-нде 2025 ж. 18.01. «Біржан сал. Өмірі және шығармашылық жолы» тақырыбымен тамаша дәріс өтті.
Оқушылар қазақтың атақты ақыны әрі композиторының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат алып, оның айтыс жанрының дамуына қосқан үлесін және жаңа ұрпақты шабыттандыратын мұрасын талқылады.
Балалар оның батылдығы, таланты мен ерекше стилі жайындағы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап, қазақ мәдениетінің мағынасы терең тұстарымен танысты.