Бүгін – Балаларды қорғау күні! Осы тамаша мерекеде музыкалық мектебіміздің оқушылары ең жарқын сәттердің бел ортасында болды! Қостанайлықтарға ерекше шығармашылық тарту жасап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған – скрипкашылар ансамблі (жетекшілері Е. Тулупова мен И. Стаканова) мен мектеп хорының (жет. М. Утегенов) қатысушылары. Әрбір әуен мен әр үнде – шынайы сезім, талант пен шабыт! Біз үшін зор мақтаныш – Қостанай облысының 72 дарынды оқушысының қатарында мектебіміздің жарқын жұлдызы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Юлия Латыпованың және оның ұстазы Наталья Сергеевна Вильянованың марапатталуы. Шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!!