Алғыс әуені: Мұғалімдер күніне арналған концерт 30 қыркүйекте Қостанай қаласындағы №1 Балалар музыкалық мектебінде мұғалімдерге арналған жүрекжарды концерт өтті. Бұл кеш – балаларға білім мен жүрегін арнаған жандарға деген шынайы құрметтің белгісі болды. Сахнада күйлер, классикалық және джаз әуендері орындалып, әр нота мұғалімдерге деген алғыс пен махаббатқа толы болды. Кештің басты кейіпкерлері – ұстаздар. Шараның шарықтау шегі – «Алпамыс» балетінен «Тайшық ханның қуаныш биі» композициясын мұғалімдер ансамблінің әсерлі орындауы болды
View the embedded image gallery online at:
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2362-m-alimder-k-nine-arnal-an-kontsert.html#sigFreeIdd7bfe650a1
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2362-m-alimder-k-nine-arnal-an-kontsert.html#sigFreeIdd7bfe650a1












