2025 жылғы 9 қазан күні ҚР Оқу-ағарту министрінің Республикалық қосымша білім беру оқу -әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, Алматы облысы білім басқармасының ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Музыкалық және көркем-эстетикалық білім беру аясында адал азамат пен кәсіби маман қалыптастырудағы заманауи тәжірибелер мен даму бағыттарының оқу-тәрбие үдерісіндегі миссиясы» тақырыбында музыкалық және көркем-эстетикалық бағыттағы балаларға қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің секциялық отырысы өтті.
Аталаған жиынға республика бойынша офлайн форматта 100 қосымша білім беру мекемелерінің директорлары және қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы 100 ге жуық қосымша білім беру педагогтары қатысты. Бұл маңызды жиында педагогтер мен жетекшілер еліміздің көркем және музыкалық білім беру саласындағы жаңа идеялар мен заманауи тәжірибелерді талқылады, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеудегі өзекті бағыттар қарастырылды.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2387-osymsha-bilim-beru-jymdary-basshylaryny-respublikaly-jlestiru-ke-esini-sektsiyaly-otyrysy-2.html#sigFreeId181085931f












