Бүгін Қостанай қаласында жаңа №40 балабақшаның салтанатты ашылу рәсімі өтті! Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Қ.И. Ақсақалов пен Қостанай қаласының әкімі М.Қ. Жүндібаев қатысты. Мерекелік көңіл-күйді Қостанай балалар музыка мектебінің 3-сынып оқушысы Руслана Дашариева көтеріп, «Ән саламын» әнін орындап, көрермендерге шаттық пен көтеріңкі көңіл сыйлады!