Қосымша білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру 2025 жылғы 24 қараша мен 05 желтоқсан аралығында мектебіміздің директоры Г. Б. Кучикова «Тиімді менеджмент – білім беру ұйымы қызметінің сапасы» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері мен мамандарына арналған республикалық біліктілік арттыру курстарына қатысып қайтты.
Оқу Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өтіп, басқарудың заманауи тәсілдерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісінің сапасын арттыру жолдарын қарастыруға тиімді алаң болды. Алынған білім мен тәжірибе мектеп жұмысын дамытуға және білім беру ортасын жетілдіруге бағытталатын болады.
View the embedded image gallery online at:
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2481-osymsha-bilim-beru-jymdary-basshylaryny-biliktiligin-arttyru-3.html#sigFreeIdb957c5e84a
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2481-osymsha-bilim-beru-jymdary-basshylaryny-biliktiligin-arttyru-3.html#sigFreeIdb957c5e84a












