15 желтоқсанда «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектептің концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған концерт болып өтті. Концерт хордың, қазақ халық аспаптары, скрипкашылар, фольклор ансамбльдерінің, домрашылар триосының және жеке орындаушылардың тамаша өнер көрсетуімен өтті. Шара барысында сөз сөйлеген мектеп директоры Г.Б.Кучикова қатысушыларды еліміздің басты мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен мектебіміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін атап өтті және ерекше көзге түскен оқушылар мен олардың тәлімгерлерін марапаттады.
Көрермендер оқушы-әртістердің орындаушылық шеберліктерінің өскендігін, қатысушылар мен тыңдаушылардың іс-шараларға көптеп қатысатынын, концерттік нөмірлердің жанрларының алуан түрлілігін атап өтті және БММ ұжымының ұйымдастырушылық жұмысына жоғары баға берді.
Концерттің тақырыбы толық ашылды, концертке келгендердің барлығының көңілдері мерекелік күйге сай жоғары болды.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/250-bmm-o-ushylaryny-r-t-uelsizdigi-k-nine-arnal-an-merekelik-kontserti.html#sigFreeId339c138e54