5 қаңтар күні Балалар музыка мектебінде педагогтерге арналған «Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес дағдылары» тақырыбында тренинг өтті. Серикбаева А.А. және Токмагамбет З.И. қатысушыларға тиімді қарым-қатынастың негізгі қырларын түсіндіріп, практикалық тапсырмалар арқылы теориялық білімдерін бекітті.
Іс-шара жанданды, жылы әрі шынайы атмосферада өтіп, педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етті.