23 қаңтар күні қаржылық қауіпсіздікке арналған республикалық оқыту ойыны «Қаржы сақшысы» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараның көркін Балалар музыка мектебінің оқушылары — Микушина Полина, Канапин Дархан және Даненов Хакимнің өнер көрсетулері аша түсті.
Құрманғазының «Балбырауын» күйі мен Jessie J, John Ashton Thomas «Mama Knows Best» әні көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, залды шығармашылық пен қуанышқа толтырды.
Музыкалық нөмірлер салтанатты рәсімге ерекше сән беріп, шараның жарқын сәттерінің біріне айналды.