26 қаңтарда Балалар музыка мектебінде Жас музыканттардың қалалық оқытушылық фестиваль-байқауы өтті. Жас талаптан бастап мектепті бітірушілерге дейін қатысқан 30-дан астам орындаушы қазақ және орыс халық аспаптарында өздерінің шеберліктері мен таланттарын көрсетіп бақты.
Байқаудың қалалық туры іріктеу кезеңі болып табылатындығын және жеңімпаздардың өзін облыстық деңгейде көрсетуіне мүмкіндік беретінін атап өту керек, сондықтан шара шәкірттердің шығармашылық шеберлігіне айтарлықтай әсер етті: біреулері үлкен сахнадағы қобалжуын тоқтата алмаса, біреулердің жұлдызы жанып жатты.
Өзара кеңесе келіп қазылар алқасы келесідей нәтижелерді жариялады.
Кіші топтан бірден үш музыканттың жұлдызы жанды: жас қобызшы Молдағалиева Айым, домбырашылар Қабжәлел Жанәлі мен Темірбаев Сұлтан бірінші орындарды иеленді.
Баяншы Талғат Латыпов, домрашы Иван Самсонов пен балалайкашы Александр Сыркин шығармашылық әлеуеттерінің жоғары екендігін көрсете білді. Әсіресе Зере Танкееваның шеберлігі ерекше есте қалды. Бұл балалар екінші орынға әбден лайық болды.
Үшінші орын гитарашы Дарья Мордовскаяға берілді.
Қатысушысы, орындаушылық деңгейінің әртүрлілігі, аспаптары мен репертуарларының алуан түрлілігі бойынша ең көбі орта топ болды.
Бұл аталымның оқушылары екі 3-ші орынды иеленді (домбырашылар Қалибекова Аружан және Тәңірбергенова Томирис). Бірден жеті қатысушының өздерін облыстық байқауда көрсетуіне мүмкіндік берген қазылар алқасы оларға екінші орын берді. Олар: гитарашылар Гаус Егор және Шәкіржанов Санжар, қобызшы Қайыркешова Адия, баяншы Кехтер Эдгард, домбырашылар Санай Дінмұхамед, Төкенова Ақбота және Отарбаева Ділназ.
Домбырашылар Асыл Қосанова мен Нұргүл Қосшығұлова бірінші орынды иеленді және жоғары кәсіби деңгейді көрсетті. Алайда ең жарқын өнер көрсеткен және басқалардан оқ бойы озық тұрған Гран-при иегері Виолетта Попович болды (домра).
Екі турдың ішіндегі ең күрделі бағдарламаны жоғары топтағы жоғары сыныптың бірнеше оқушысы ғана орындай алды. Сол себепті бұл аталымдағы бірнеше қатысушы ғана мақтауға тұрарлық өнер көрсетті. Екінші орынды гитарашы Оспанов Егор мен домрашы Шубина Светлана бөлісті. Бірінші орынды Танкеев Батыржан жеңіп алды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 және 2 дәрежелі лауреаттар мектеп пен қала атынан бір айдан кейін өтетін байқаудың облыстық кезеңіне қатысатын болады.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/261-alaly-o-ytushyly-festival-baj-auy.html#sigFreeId13b9d9ac20