Музыкалық мектеп оқушыларының концерттік қызметке қатысуы — білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі. Көпшілік алдында өнер көрсету музыкалық, коммуникативтік және тұлғалық дағдылардың дамуына ықпал етіп, эмоционалдық интеллектіні, өзіне деген сенімділікті және командада жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады. Әрбір концерт — бағалы тәжірибе мен музыкалық танымның кеңеюі. 2026 жылғы 29 қаңтарда балалар облыстық кітапханасында ұлы композитор Вольфганг Амадей Моцарттың 270 жылдығына арналған концерт-дәріс өтті. Іс-шараға музыкалық мектебіміздің оқушылары мен педагогтары қатысты. Көрермендер қатарында Қостанай қаласындағы педагогикалық колледж студенттері болды. В. А. Моцарттың шығармалары музыкалық мектепте бастауыш сыныптардан бастап орындалады. Бұл кеште жас орындаушылар Махрова В., Качко М., Баршаков Д. өз ұстаздары Лупаина Е. Г., Ким Т. Д., Кудашева Т. А. бірге тыңдаушыларға композитордың мәңгілік әуендерінің сұлулығы мен терең мазмұнын жеткізуге тырысты. Музыкалық сағат соңында жас өнерпаздар мен олардың педагогтарына алғыс хаттар табысталды.