2 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің Г. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі базасында «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Қазылар алқасының жұмысына балалар музыка мектебінің оқытушылары белсенді түрде қатысып, жоғары кәсіби деңгей мен әділ бағалауды көрсетті:
Тоқмағамбетова Алмагүл Мұратқызы — оқытушы
Галицкая Татьяна Олеговна — оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
Карахметченко Дарья Вячеславовна — оқытушы
Мұндай деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға педагогтердің қатысуы қаланың білім беру ортасын дамытуға және пәнаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Қатысушыларды құттықтаймыз және баршаңызға шығармашылық табыс тілейміз!