2026 жылғы 4 ақпанда «Қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялар және цифрлық орта» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараға облыстың қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – цифрландыру жағдайында қосымша білім беруді дамытудың өзекті бағыттарын талқылау, сондай-ақ білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша практикалық тәжірибе алмасу болды.
Семинар барысында қосымша білім беру педагогтарының жұмысында цифрлық білім беру ресурстарын, заманауи платформалар мен онлайн-құралдарды пайдалану мәселелері қарастырылды.
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы цифрлық білім беру ортасындағы педагогтің рөліне, білім сапасын сақтауға және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылды.