10 ақпанда музыка мектебінде қосымша білім беруді цифрландыру және білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне арналған педагогтерге арналған семинар өтті. Іс-шара аясында оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Галицкая Т.О. музыкалық мектеп педагогтарының мүмкіндіктерін кеңейтетін цифрлық білім беру ортасы мен заманауи цифрлық құралдар туралы баяндама жасады.
Семинар барысында жасанды интеллект педагогтің кәсіби қызметіне көмектесетіні атап өтілді: уақытты үнемдеуге, жұмыс түрлерін әртараптандыруға және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект педагогті алмастырмайтыны, керісінше білім беру үдерісін қолдайтын көмекші рөлін атқаратыны ерекше атап өтілді. Оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі рөл бұрынғыдай мұғалімге тиесілі.
Цифрлық білім беру ортасында білім алушылардың икемді дағдыларын (soft skills) дамытуға ерекше назар аударылды.
Семинар тәжірибе алмасу мен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру алаңына айналды.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2659-pedagogterge-arnal-an-tsifrlandyru-m-selelerine-arnal-an-seminar.html#sigFreeId9b922ef500









