Шығармашылық ынтымақтастық аясында оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Рудный музыкалық колледжі оқытушысы Владимирцева Людмила Владимировнаның шеберлік сабақтары өтті.

Кәсіби тәжірибе, құнды ұсыныстар мен практикалық кеңестер оқушылардың орындаушылық шеберлігін дамытуға зор ықпал етті. Кездесу шығармашылық диалог пен жаңа жетістіктерге ұмтылыс рухында өтті.