3 наурыз күні Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 1 Балалар музыка мектебі» КМҚК базасында оқушылар арасында «Сөз бен саз» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқау «Жас ақын», «Жас күйші», «Жас дәстүрлі әнші» номинациялары бойынша 8–13 және 14–18 жас санаттарында ұйымдастырылды. Қатысушылар көркем сөз оқу, аспаптық орындау және дәстүрлі ән айту шеберліктерін көрсетті.
«Жас күйші» номинациясында мектебіміздің үш оқушысы І орын иеленіп, Қостанай қаласының намысын Арқалық қаласында өтетін облыстық кезеңде қорғайтын болады:
Марат Санжар (8–13 жас)
Қанапин Дархан (14–18 жас)
Қабжәлел Жанали (14–18 жас)
Домбырашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Келесі кезеңде жеңіс тілейміз!
Қатысушыларға, педагогтерге және қазылар алқасына кәсібилігі мен балалар шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2678-s-z-ben-saz-respublikaly-baj-auyny-alaly-keze-i.html#sigFreeId4f8cc3a9ee









