«Байқау дегеніміз қашанда талантты, дарынды балаларды табу. Біз өз жұмысымызды сырттан көре аламыз, шәкірттеріміздің деңгейлерін салыстырып, жаңа шығармаларды ести аламыз.
Байқау қашанда жаңа есімдерді жұртқа танытады, жаңа идеяларға жол ашады. Бұл оқушылар мен педагогтардың одан ары дамуына серпін береді»,- деді облыстың барлық өңірінен келген жас музыканттарды қабылдаған Қостанай қ. № 1 музыка мектебінің директоры Гульнара Кучикова «Наша газетаға» берген сұхбатында. Байқау балалар музыкалық мектептері және балалар өнер мектептерінің жеке орындаушылары мен музыкалық ұжымдары арасында өтті. Оған барлығы 74 жеке орындаушы, 9 ансамбль және 3 халық аспаптары оркестрі қатысты. Егер қатысушыларды педагогтарымен бірге санайтын болса, байқауға барлығы 296 адам жиналды.
Фестивальға қатысушылар домбырада, қобызда, қыл қобызда, шертерде, баянда, аккордеонда, домрада, балалайкада, гитарада өнер көрсетті.
Жеке орындаушылар арасында Гран-приді Адия Каиркешова мен Виолетта Попович иеленді. Екеуі де Қостанай қ. № 1 музыка мектебінің тәрбиеленушілері. Адия қобызда 7 жылдан бері ойнап келеді. Виолетта 12 жаста. Ол фортепианода, гитарада және орыс домрасында ойнайды.
«Бүгін домрада ойнадым. Мен мұндай байқауларға біраздан бері қатысып жүрмін, жүлделі орындарды да иелендім. Бірақ бәрібір қобалжыдым»,-дейді В.Попович. Жеке орындаушылар жас санаттарына қарай 7-10 жастағылар, 11-13 және 14-17 жастағылар болып бөлінген.
«Байқаудан тек жақсы әсер алдық. Жиналғандар жақсы қолдау көрсетті. Байқаудың нәтижесі жарияланғанша біраз алаңдадық. 3 айлық дайындығымыз бос кеткен жоқ. Біз оркестрлер арасында 1-ші орынды иелендік»,-дейді Қарабалық ауданынан келген қатысушылар Александра Пинженина мен Дархан Баймұханов.
«Бірінші болу үшін қыруар күш жұмсадық. Ансамбльдер арасында бірінші орын алғаннан кейін республикалық байқауда да осындай нәтиже көрсетуге тырысамыз»,-дейді қазақ халық аспаптары ансамблінің мүшелері қостанайлық Адия Каиркешова мен Талғат Латыпов.
Бір айдан кейін Гран-при алғандар мен бірінші орынды иеленгендер Алматыда өтетін республикалық байқауға баратын болады.
Қазақ халық аспаптар сыныбы бойынша жеңімпаздар
Кіші жастағы топтар:
3 орын – Алтанбаева Назым, Арқалық қ.
2 орын – Темирбаев Султан, Қостанай қ.
1 орын – Молдагалиева Айым, Қостанай қ.
Орта жастағы топтар:
3 орын – Санай Дiнмухаммед, Қостанай қ.
2 орын – Кущугулова Нургуль, Қостанай қ.
1 орын – Ли Марк, Рудный қ.
Жоғары жастағы топтар:
3 орын – Мергенова Дiлназ, Арқалық қ.
2 орын – Қалабайқызы Перизат, Арқалық қ.
1 орын – Танкеев Батыржан, Қостанай қ.
Орыс халық аспаптар сыныбы бойынша марапаттау
Кіші жастағы топтар:
3 орын – Танкеева Зере , Қостанай қ.
2 орын – Коробчан Тихон, Рудный қ.
1 орын – Латыпов Талгат, Қостанай қ.
Орта жастағы топтар:
3 орын – Волошин Никита, Лисаков қ.
2 орын – Ангел Сергей, Рудный қ.
1 орын – Гаус Егор, Қостанай қ.
Жоғары жастағы топтар:
3 орын – Шубина Татьяна, Қостанай қ.
2 орын – Заровнятных Юрий, Рудный қ.
1 орын – Зелениченко Матвей, Қарабалық ауданы
Ансамбльдер |
|
3 орын |
«Балдәурен» ансамблі, Амангелді ауданы |
2 орын |
Домбырашылар ансамблі, Қостанай ауданы |
1 орын |
Қазақ халық аспаптары ансамблі, Қостанай қ. |
Оркестрлер |
|
3 орын |
Орыс халық аспаптары оркестрі, Қостанай қ. |
2 орын |
Қазақ халық аспаптары оркестрі, Қостанай ауданы |
1 орын |
Орыс халық аспаптары оркестрі, Қарабалық ауданы |
|
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/268-ostanajda-zhas-muzykanttardy-53-shi-oblysty-bilim-beru-festival-baj-auy-tti.html#sigFreeId9845a9db3f