11 сәуірде сағат 11:00-де «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында сенбілік өтіп, оған ҚОӘББ «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 балалар музыка мектебі» КМҚК-ның педагогтары қатысты.
Мектеп ұжымы аумақты абаттандыруға бір адамдай қатысты. Сенбілік барысында іргелес аумақты тазарту және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Педагогтар бірліктің, белсенді азаматтық ұстаным мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті.
Мұндай іс-шаралар тазалық мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың туған қаласына ұқыпты қарауына ықпал етеді.