16-шы Дельфий ойындарына (өңірлік кезең) қатысу қорытындылары туралы 

ҚОӘББ «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 1 балалар музыка мектебі» КМҚК-ның оқушылары 16-шы Дельфий ойындарына (өңірлік кезең) қатысып, орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті және оқу орнының намысын абыроймен қорғай білді.
Байқау қорытындысы бойынша білім алушылар келесі марапаттарға ие болды:
Алтын медаль - Ержанова Самира (оқыт. Стаканова И.С., конц. Прохорова В.П.), Султангалиев Султан (оқыт. Конев Е.Н., Орлова И.А.), Заженов Таир (оқыт. Жатканов Н.Г.), Мендыбекова Акниет (оқыт. Уразалина Ж.К.).
Қола медаль - Багдасарян Лилит (оқыт. Тулупова Е.П., Орлова И.А.), Аблай Али (оқыт. Уразалина Ж.К.).
Қатысқаны үшін диплом - Исеноманова Айша және Айтмагамбет Динмухаммед (оқыт. Уразалина Ж.К.).
Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша Жунусова Милана, Султангалиев Султан (ұйымдастыру комитетінің шақыруы бойынша) және Кабжалел Жанали республикалық Дельфий ойындарына Қостанай облысының атынан қатысу құқығына ие болды.
Байқауға қатысу білім алушылардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең болды және мектептің педагогикалық ұжымы жұмысының дайындығы мен нәтижелілігінің жоғары деңгейін растады.