11 сәуірде демеушілердің қаржысына салынған Жастар сарайының концерт залында Қостанай меценаттар клубының "Қазына", "Шабыт" және арнайы сыйлықтарын тапсыру салтанаты өтті.
Қостанай облысының 38 тұрғыны 13 аталым бойынша түрлі сыйлықтардың иегері аталды.
"Қазына" сыйлығы (1 млн. теңге) кәсіби шеберлігі жоғары (жасы 35-тен жоғары) тұлғаларға табысталды. «Шығармашылық ұжымның жетекшісі» аталымы бойынша оның иегері болып Қостанай қ. №1 Балалар музыка мектебінің скрипка сыныбының оқытушысы және «Violin DoStar» скрипкашылар ансамблінің жетекшісі Елена Петровна Тулупова танылды.
Елена Петровна осы бір қалаға жақсы таныс шығармашылық ұжымға 1980 ж. бастап жуық жетекшілік етіп келеді. Ансамбль 20 жыл бойы Қазақстан Республикасындағы үздік ұжым болып саналады, халықаралық байқаулардың (Мәскеу, Челябі, Магнитогорск және т.б.) лауреаты, қалалық, облыстық деңгейдегі шараларға белсенді қатысушы болып табылады.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/272-bizdi-balalar-aza-standa-y-zdik-sh-kirtter-3.html#sigFreeId8fa225164e