29 сәуірде музыка мектебінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған «Бірлік, бейбітшілік және келісім – болашақтың негізі» атты дәріс-сабақтар өткізілді.
Іс-шаралар барысында білім алушыларға мерекенің мәні мен бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығы жайында, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен өзара сыйластық, сондай-ақ тұрақты және гүлденген қоғамды нығайтудағы бірліктің рөлі туралы айтылды.
Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін тәрбиелеуге, елдің мәдени әртүрлілігін құрметтеуге және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Өткізілген сабақтар толеранттылықты дамытуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.