2026 жылғы 4–6 мамыр аралығында Астана қаласында мектеп оқушылары арасында «Сөз бен саз» республикалық іс-шарасы өтті. Бұл өнер мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас таланттарды бір арнаға тоғыстырды.
Байқаудың мақсаты — айтыс, дәстүрлі ән және күй орындау арқылы қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Іс-шараға 8–18 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Республикамыздың барлық өңірлері әр жас санаты бойынша 20 қатысушыдан ұсынды.
Байқау номинациялары:
• «Жас айтыскер»
• «Жас дәстүрлі әнші»
• «Жас күйші»
Ерекше мақтаныш — Қостанай қаласындағы музыкалық мектептің оқушысы Қабжәлел Жанали 1 орын иеленді!
Ұстазы — Уразалина Жанара Кадыржановна
Концертмейстер — Рачинская Светлана Игоревна
Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!
«Сөз бен саз» — жас өнерпаздардың шығармашылық дамуына, тәжірибе алмасуына және ұлттық өнер арқылы ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлкен мүмкіндік беретін маңызды алаң.