18 мамыр күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық музейде жыл сайынғы «Музейдегі түн» мәдени-ағартушылық іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 балалар музыка мектебі» КМҚК педагогтері мен білім алушылары белсенді қатысып, концерттік бағдарламада өнер көрсетті.
Бағдарлама аясында оқушылар әртүрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды орындап, өздерінің орындаушылық шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін танытты.
Іс-шараға қатысу білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, патриоттық тәрбие беруге және өскелең ұрпақты мәдени құндылықтар мен елдің тарихи мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2727-zhyl-sajyn-y-muzejdegi-t-n-m-deni-a-artushyly-is-sharasy-tti.html#sigFreeId66fab2b61b









