Көрермендерге жеке орындаушылар мен ұжымдардың орындаушылық жұмысы ғана көрсетіліп қоймай, оларға бөлімнің 50 жыл бойындағы дамуы мен жұмысы жайындағы тарихи экскурсия ұсынылды.
Үзілісте музыкамен айналысуды өздерінің мамандықтары ретінде таңдап алған мектептің өткен жылдардағы түлектердің құттықтаулары тыңдалды.
Қазіргі орындаушылық жұмыстарын көрсететін олардың құттықтау видеолары мерекелік іс-шараның барлық көрермендерінің жүрегін тебірентті.
Танымдық үзіліспен үйлестірілген концерттік бағдарламаның екі бөлімі әріптестер мен оқушылардың ата-аналарының таңданысқа толы пікірлерін қалдырды.