Үздіктерге арналған әуен!
1 маусым күні IQostanay алаңында халықаралық және республикалық олимпиадалар, ғылыми байқаулар мен «Сен үздіксің!» зерттеу жобасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бұл күні Қостанай облысының ең дарынды әрі талапты оқушылары құрметке бөленді.
Аталған шараға №1 Балалар музыка мектебінің оқушылары да белсенді қатысты. Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған Г.С. Амирова жетекшілік ететін қазақ халық аспаптары ансамблі Ш. Қорғанбектің «Жайма қоңыр» күйін орындады. Күй көпшілік тарапынан жылы қабылданып, мерекелік бағдарламаның көркін аша түсті.
Барлық марапат иелерін құттықтаймыз! Оларға жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт және биік белестер тілейміз!
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2739-zdikterge-arnal-an-uen.html#sigFreeId8df593a57e









