15 наурызда Балалар музыкалық мектебінің Қозыбаев көшесіндегі 37 үйде орналасқан №2 корпусында «Наурызды қарсы аламыз» атты дәстүрлі көрме-концерт болып өтті. Бұл шара 10 жылдан астам уақыт бойы А.Никифоров ат. балалар сурет мектебімен шығармашылық ынтымақтастық аясында өткізіліп келеді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, отаншылдықты тәрбиелеу. Көрермендер мектептің фойесінің өзінде-ақ халықтың тұрмысы бейнеленген керемет жұмыстардың әсерінен мерекелік ахуалды сезінді.
Жас суретшілер музыка мектебінің фойесінде келушілердің назарына көктем мерекесіне арналған жұмыстардың көрмесін ұсынды.
Концертке қатысушылар – музыка мектебінің оқушылары мен оқытушылары. Тыңдаушылар – жас әртістердің достары, сурет мектебінің оқушылары, ата-аналар, БММ педагогтары.
Концерттік бағдарлама шеңберінде халық әуендері, классик композиторлардың вокалдық және аспаптық шығармалары, Қазақстанның қазіргі кездегі композиторларының шығармалары орындалды.
Балалардың жастарына сай сыңғырлаған дауыстары, домбыраның қоңыр үні мен баянның жүректі тербер жыры келгендердің көңілінен шықты. Концерт дәстүрлі шашумен аяқталды.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/274-nauryzdy-arsy-alamyz.html#sigFreeId98c2508e45