Педагогикалық тәжірибемен бөлісу
 
5 маусымда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оқытушысы Алмагуль Муратовна Токмагамбетованың тәжірибесі көрсетілді.
Іс-шара барысында Алмагуль Муратовна өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті және оқу-әдістемелік кешенмен жұмыс істеу бойынша практикалық әзірлемелерін: «Бала сазы» бастауыш сынып домбырасына арналған шығармалар жинағын және «Домбырада ойнауды оқытудың заманауи тәсілдері: «Бала сазы» жинағы негізінде бастауыш сынып оқушыларының soft skills дамыту» әдістемелік құралын таныстырды. Тәжірибе бөлісуге Әулиекөл ауданы, Лисаков қаласы және Ұзынкөл ауданы білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.
Ұсынылған тәжірибе әріптестердің кәсіби қызығушылығын тудырды, тиімді әдістермен алмасуға және өңір педагогтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар үздік педагогикалық тәжірибелерді таратуға және білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.