Балалар музыка мектебінің жас домбырашылары республикалық спорттық іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Оқушылар Абдрахман Алишер, Қанапин Дархан және Мендыбекова Ақниет ауқымды спорттық мерекеде мектеп намысын абыроймен қорғады. Олардың орындауында қазақтың ұлы композиторы, күйші Құрманғазы Сағырбайұлының әйгілі күйлері — «Адай» және «Балбырауын» орындалды. Жарқын әрі әсерлі орындалған шығармалар ашылу салтанатының көркін келтіріп, ұлттық нақыштағы ерекше атмосфера сыйлады.

Токмағамбетова А.М. оқытушының жетекшілігімен жас музыканттар орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, республикалық деңгейдегі іс-шарада Балалар музыка мектебінің атынан лайықты өнер көрсетті. Оқушылар мен ұстаздарына шығармашылық табыс, жарқын өнер жолы және жаңа жетістіктер тілейміз!