Бүгін музыкалық мектепте педагогтерге арналған аттестаттаудың пилоттық жобасының ережелері мен талаптарына арналған семинар өтті.
Г.Б. Кучикова пилоттық жобаның негізгі талаптарын түсіндіріп, оған қатысу шарттарына тоқталды және аттестаттау портфолиосын жинақтау бойынша практикалық ұсынымдар берді.
Ашық пікір алмасу барысында педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді талқылап, нақты жауаптар алды.
Кәсіби даму — бұл тек жаңа білім алу ғана емес, сонымен қатар Soft Skills дағдыларын жетілдіру: өз қызметін талдау, мақсат қоя білу, тиімді қарым-қатынас жасау, бастама көтеру, өзгерістерге бейімделу және өз жұмысының нәтижелерін сенімді түрде таныстыру.
Аттестаттау — педагог үшін өзінің кәсіби өсуін бағалауға, даму перспективаларын анықтауға және одан әрі кәсіби даму бағытын белгілеуге мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Бірге үйренеміз, бірге дамимыз және кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер ашамыз!
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2791-damu-tal-ylau-al-a-adam.html#sigFreeId53f48e8a76









