Қостанай қаласының күніне арналған мерекелік шаралар аясында 14 тамызда музыка мектебінің оқушылары КСК шағынауданының тұрғындарына мерекелік концерт тарту етті.
Жастар бульварында бір жарым сағат бойы ерекше шығармашылық атмосфера орнап, әуезді музыка әуеге қалықтады. Көрермендер жас өнерпаздардың өнерін зор ықыласпен тамашалап, ыстық ықыласы мен қошеметін аямады.
Жеке орындаулар ансамбльдік шығармалармен алма-кезек орындалды. Концерт барысында домбыра, қобыз, жетіген, флейта мен скрипканың үні шырқалып, вокалдық шығармалар мерекелік кештің мазмұнын байыта түсті.
Бұл мерекелік концерт жас музыканттарға өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берсе, КСК тұрғындары үшін жазғы кешті жанды музыка мен шығармашылықтың ерекше атмосферасында өткізуге тамаша мүмкіндік болды.
Жас өнерпаздарға көрсеткен ыстық ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін көрермендерге алғысымызды білдіреміз!
Қостанай қаласының мерекесі құтты болсын! Қаламызда әрдайым әсем әуен мен ән шырқала берсін!
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2798-muzyka-zh-rekterdi-biriktiredi.html#sigFreeId33e326d776









