15 тамызда Қостанай қаласының күніне арналған мерекелік шаралар аясында А. Байтұрсынов атындағы алаңда «QOSTANAY FEST — ҚИЯЛ МЕН ШЕБЕРЛІК ҚАЛАСЫ» атты қалалық мерекелік іс-шара өтті.
Музыка мектебінің оқушылары мен педагогтері мерекелік бағдарламаға белсенді қатысты. Музыка, шығармашылық пен көтеріңкі көңіл күй қала тұрғындарын біріктіріп, баршаға жарқын әсер сыйлады.
Концерттік нөмірлер, көңілді ойындар, қызықты викториналар мен караоке мерекенің ерекше атмосферасын қалыптастырды. Әрбір қатысушы тек көрермен болып қана қоймай, ортақ шығармашылық мерекенің бір бөлшегіне айналды.
Жас музыканттар үшін бұл – қала тұрғындарының алдында өнер көрсетіп, өз таланттарын танытуға және үлкен мерекенің ерекше энергиясын сезінуге тамаша мүмкіндік болды.
Мерекеңмен, сүйікті Қостанай!
Қаламыз әрдайым арман қанат жайып, жаңа идеялар туып, таланттар жарқырайтын мекен болсын!
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2801-qostanay-fest-iyal-men-sheberlik-alasy.html#sigFreeIde4ab048960









