2026 жылғы 9 тамызда «IQOSTANAY» SMART-орталығында Қостанай қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.
Кеңеске Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. М. Шуленов, білім басқармасының басшысы А. Қ. Бегатаров, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер және ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, жаңа оқу жылына арналған басым бағыттар айқындалды. Олардың қатарында білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуы, дарынды оқушыларды қолдау және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері атап өтілді.
Қуанышымызға орай, білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін Қостанай облысы әкімінің грамотасымен ДМШ №1 фортепиано сыныбының оқытушысы Смаглюк Евгения Юрьевна марапатталды.
Евгения Юрьевнаны лайықты марапатымен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық жетістіктер, шабыт және талантты шәкірттер тілейміз!
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2807-ostanaj-alasy-bilim-beru-yzmetkerlerini-tamyz-ke-esi.html#sigFreeId729e5d6703









