1 қыркүйекте Қостанай қаласында жаңартылған ««Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылуы өтті. Кіреберісте үрмелі аспаптар оркестрінің әуені мен «Қостанай» әні мерекелік көңіл күй сыйлады.

Салтанатты жиындардан кейін ашылу рәсіміне түрлі олимпиадаларда, шығармашылық және спорттық жарыстарда жеңіске жеткен оқушылар қатысты. Жаңартылған аквапаркті ашу құрметі сол оқушыларға бұйырып, олар лентаны қиды.

Бұл маңызды рәсімге №1 Балалар музыка мектебінің оқушылары Қанапин Дархан мен Бақытжан Ерлан, сондай-ақ мектеп түлегі Асия Байжанованың қатысқаны біз үшін ерекше қуанышты!

Жас өнерпаздарымызды мақтан тұтамыз! Оларға жаңа жеңістер, жарқын әсерлер және көтеріңкі көңіл күй тілейміз!